Өлең, жыр, ақындар

Жел

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 412
Мың-миллион ине қылып құм-қарын
дүлей бiр жел соқты дейсiң жынданып.
дала кезген бағаналарды құлатып,
үзiп жатыр телеграфтың сымдарын.
Соққан сайын iшiн тартып керемет,
дегендей-ақ;
босанамын,
жөнелем! –
ауыр қара шынжырларға байланған
жын ұрғандай аласұрды кемелер.
Қосылып бiр құйыны да қапталдан
екiленiп қанатын кеп қаққанда,
орман бiткен шудалары желкiлдеп,
болды дейсiң
көшiп бара жатқандай.
Басталған соң қалай бiрден тоқтасын,
соқты ол ендi
өрт-жалыннан от тасып.
Саңқылдаған радио дауысын
үзiп-жұлқып,
жұтып жатыр
ап қашып!
Барлық күшiн,
бар қуатын шақырып,
жолдағының бәрiн тапап жапырып,
соқты ол ендi
дүниенi дүлей қып –
шыңды шайқап,
теңiздердi сапырып!
Шақ дер ем бұл төзiмiңнен безiнер,
түк көрiнбес айналадан көзiңе...
Кеңiстiкте лағып бара жатқандай
мына желден
қара Жердiң өзi де!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күзгі жел және ағаштар

  • 0
  • 0

Күзгі қара жел
Үйіре ұйтқытып
Оңын да, солын да
Бұрқырап соғуда.

Толық

Бейбарыс қайтып оралғанда

  • 0
  • 0

Ақша бұлттай
Ақ тастан шапан киген
Алып Бейбарыс
Өткен замандар iшiнен

Толық

Түрмеге ұя салған қарлығаш

  • 0
  • 0

Құдай-ау,
Азат қарлығаштың
Түрмеге ұя салғаны несi?
Бостан еркiндiгiн

Толық

Қарап көріңіз