Өлең, жыр, ақындар

Тербетiп бау мен бағымды

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 299
Тербетiп бау мен бағымды,
соғатын шалқып, толқып бiр
желiнен күздiң сабырлы
алманың иiсi аңқып тұр.
Көз тiгiп түпсiз көгiме,
оранам сары шалғынға,
Сабырлы күздiң желiнен
шығады иiсi нанның да.
Сонан соң үйге келем мен,
күбiрлеп жырдың тармағын, –
күз желi сiңген денемнен
иiсi аңқыр нан мен алманың.
Табасың бiр ой тереңнен,
сол ойды ұштап жанисың.
Күз желi сiңген өлеңнен
аңқиды алма, нан иiсi.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дүние не боп барады?

  • 0
  • 0

Менiң осы жерiме
Ойсылқара бабамыз
Қасиетiн арттырып
Қара нарын шөктiрген;

Толық

Әулекі

  • 0
  • 0

Сыймайсың аспан асты, жер бетiне.
Даярсың түкiруге ел бетiне.
Өңештi кепкен көндей жыртатұғын
Тап болдық сен сияқты әулекiге.

Толық

Астаң-кестең дүние

  • 0
  • 0

Бір елдер
Қапыда опық жеп
Опырылып жатыр;
Бір елдер

Толық

Қарап көріңіз