Өлең, жыр, ақындар

Ағаштармен қыдырамын бiрге мен

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 369
Ағаштармен қыдырамын бiрге мен,
қарамастан күндiзге де, түнге де.
Емiн-еркiн сырласатын достардай
ағаштармен қыдырамын бiрге мен.
Көкiректi ойлар торлап алғанда,
қыдырамыз тауларда да,
жондарда.
өмiр жайлы,
өлең жайлы сөйлесiп
қыдырамыз парктерде,
орманда.
Мейлi менi қияли деп атаңыз.
Тұңғиық бiр ойларға бiз батамыз.
Жол бойында қатарласып үн-түнсiз
кетiп бара жатамыз.
Шөлдеп жүрген керемет бiр дастанға
олар маған ақын көңiл достардай.
Мен келгенде қуаныштан құстарын
шашып келiп жебередi аспанға.
Кiдiрместен,
күн салмастан араға
қыдырамыз қалада да,
далада.
Кетемiз бiз белдер асып,
жон асып –
аяз, боран,
аптаптарға қарамай.
Қыста, әрине, олар мұңға батады,
көктемiмнiң аймаласа шапағы
машинамен қоныс iздеп жаңадан
көшеттерi көшiп бара жатады.
Өсер барып жаңа ашылған каналға,
өсер барып жаңа ашылған алаңға.
Жаңа ауданнан бар қалалық Советтер
жер бөледi оларға.
Сол кезде мен шаттанамын, қуанам.
Қуану да – құтылу ғой күнәдан.
Оларды мен алақанмен аялап
сезiмiммен суарам.
Өн бойында жатыр оның тығылып
даналық та,
ойлылық та,
жылылық.
Содан ба екен үйден шығып кетем де
ағаштармен жүрем ұзақ қыдырып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айығып кетер ме екен?!

  • 0
  • 0

Дәл қазiр
Жерiм де ауру,
Елiм де ауру.
Жерiм –

Толық

Өрмекші болғанда

  • 0
  • 0

Өрмекшi болғым келдi.
Өрмекшi болдым,
Өрмекшiнiң тiрлiгiн
Көрмекшi болдым.

Толық

Күмән мен күдік

  • 0
  • 0

Бұрын мен
Күмәнға жат едім.
Бұрын мен
Күдікке қас едім.

Толық

Қарап көріңіз