Өлең, жыр, ақындар

Өрмекші болғанда

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 303
Өрмекшi болғым келдi.
Өрмекшi болдым,
Өрмекшiнiң тiрлiгiн
Көрмекшi болдым.
Бүкiл қалалардың
Бұрыш-бұрышына,
Ұлы даламның
Қуыс-қуысына
Тор құрдым.
(Әй, осы жолы –
Байқаймын! –
Тор құрып
Өзiмдi өзiм сор қылдым!)
О баста
Ниетiм дұрыс едi.
Сол торлармен
Халықтың
Қанын сорып жатқан,
Жанын соғып жатқан
Алпауыт-иттердi
Ұстайын деп едiм,
Шырмап буып –
Жанын көзiне көрсетiп! –
Қыстайын деп едiм.
Торларыма
Алпауыттар түгiлi
Бiр шыбын түспедi.
(Құдайым-ау,
Осы iсiм
Абыройлы iс пе едi?!)
Ақыры сол торға
Өзiм түстiм.
Ендi, мiне,
Алпауытқа құрған торға –
Өзiм шырматылып! –
Шыға алмай жатырмын.
Атаңа ғана лағнет
Мына қу жалғанның
Осы бiр опасыз iсiн –
Бiлiп тұрсам да! –
Бәрi бiр
Ұға алмай жатырмын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қуанғанда

  • 0
  • 0

Төбем –
Қуанғанда! – көкке жеттi.
Тамырым –
Қуанғанда! –

Толық

Ерте қуарған ағаш

  • 0
  • 0

Соған қарап мен
Сан ойлар торабында
Адастым:
Жапырағы желбіреп

Толық

Керағар

  • 0
  • 0

Мосқал әйел белгiлi бұл өңiрге,
қайта-қайта жалбарынып тәңiрге,
отырып ап есiгiнiң алдында
ренiшiн айтып отыр өмiрге.

Толық

Қарап көріңіз