Өлең, жыр, ақындар

Сол күнге әлi алаңмын

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 389
Сол күнге әлi алаңмын:
Қуғандай бейне тап бiр сел
үстiнде аппақ алаңның
жүгiрiп келе жаттың сен.
Баспана iздеп қорғауға
қарақұс,
мылтық,
тұзақтан
қорыққан байғұс торғайдай
кеттiң сен кiрiп құшаққа.
Тұрдың сен ессiз күбiрлеп.
Ғашықтық –
ол да қайғы ма?!
Жапырақ құсап дiрiлдеп
асылдың сонсоң мойныма.
Мойнымды құштың асылып
қуаныш,
шаттық,
бақ қандай!
Тұрдым мен шалқып, тасынып
лаврдан венок таққандай.
Сен болсаң, қалқам,
сәулеңдi
мен үшiн сарқып құярдай
ғашықтық өртеп кеудеңдi
есiңдi тұрдың жия алмай.
Үнсiз бiр қалды өлең де,
таулар да,
көлдер,
бақтар да,
құшақтап тұрдың
тереңге
батып бiр бара жатқандай...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Намыс

  • 0
  • 0

Түкiрiп туған жерiме
өзiмдi кетсе табалап,
тигiзiп тiлiн тегiме
жармасса бiреу жағама —

Толық

Қалаларды сынақтан өткізу

  • 0
  • 0

Тау қойнауы,
тықылдап балға тынар.
Жүк шешiлiп сымдар да тарқатылар.
Көшiп келген бұл жерге машинамен

Толық

Суық заман

  • 0
  • 0

Мына заман —
Түкiрiгiм
Жерге мұз боп түсетiн
Күндей суық;

Толық

Қарап көріңіз