Өлең, жыр, ақындар

Жаралғандай бауыр етi темiрден

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 419
Жаралғандай бауыр етi темiрден
оңашалық, оқшаулыққа телiнген
бiр сөз айтпай өтетұғын ғұмыры
адамдар бар өмiрде.
Тиiспеген бiр адамға ұрынып,
Жаңылмаған не тайғанап, сүрiнiп.
Отырады бұрышқа кеп үндемей
өзiне-өзi жылынып,
өзiне-өзi тығылып.
Жайлап алған үнсiздiктiң қонысын,
ал бiреулер дұрыс дейдi онысын.
Адалдықты жағадан ап жалғандық
сабап жатса
бермейдi ол қол ұшын.
Бiреу келiп бiр жолдасын түсiнбей
қызып кетiп көрсетедi күшiн де.
Ал ол болса тымырайып тұрғаны
үнсiздiктiң боз тұманы iшiнде!
Бiреу бiлiп,
бiреу бiлмес есiмiн,
айтпайды ол ештеңенiң кесiмiн.
Көрмеген ол бiр адамды кешiрiп,
сұрамаған бiр адамнан кешiрiм.
Жұмысқа кеп жұмысынан қайтады,
жоқ жүзiнде сезiм нұры, ой табы.
«Тыныш жүрсең – тоқ жүресiң» – ақылы,
оны да ол iштен ғана айтады.
Үндемейдi жиналыста, бөлмеде,
мүсiн дерсiң шығып кеткен көрмеден.
Бiр адамды кiнәраттап, айыптап,
бiр адамды қорғап әлi көрмеген!
Тiлегенi:
болса болды бас аман.
Жүргенi тек оңашада, тасада.
Қоғам үшiн,
өмiр үшiн,
ел үшiн,
байқайсың ба,
қауiптi ғой осы адам!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыл көпір

  • 0
  • 0

О дүниеге барғанда
Қыл көпiрден өтесiң.
Өтсең – өтесiң!
Өтпесең –

Толық

Айдаудағы арыстар

  • 0
  • 0

Елiне теңдiк сұрТемірхан Медетбекаған
Арыстарымның
Мойнына бұғау түсiп,
Аяқ-қолдары

Толық

Жусан

  • 0
  • 0

Оранған боз сағымға
көкiрегiм құм шағыл –
өзегiмде,
жанымда

Толық

Қарап көріңіз