Өлең, жыр, ақындар

Тегiстелiп аңғарлар да, жолдар да

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 220
Тегiстелiп аңғарлар да, жолдар да
аппақ қарлар түскен кезде жондарға,
аппақ қардан аппақ шәлi жамылған
дайындалам бару үшiн орманға.
Дайындалам кеудемде бiр нұр тұнып,
жүрегiм де соғар менiң ұмтылып.
Дайындалам орманға мен,
дегенмен
жоқ бiрақ та мылтығым.
Алмаймын мен қара мылтық, оқтар да,
аңның қаны төгiлмесiн ақ қарға.
Дайындалам орманға мен,
бiрақ та
алмаймын мен тұзақтар да, қақпан да.
Орман тұрса күтiп менi томсарып,
кетем соған аппақ қарға жол салып, –
түсiрем деп, аң бiткендi суретке,
қайтамын деп, құстарына жем салып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүзшіл біреуге

  • 0
  • 0

Ақылға кір!
Құдай сақтасын» –
Алатау
Алтаймен соқтығысып;

Толық

Астан-кестен ашуланды Атырау

  • 0
  • 0

Астан-кестен ашуланды Атырау.
Қапелiмде не боп қалды апыр-ау!
Аспан астын арсы-гүрсi етiп бiр
астан-кестен ашуланды Атырау.

Толық

Домбыра

  • 0
  • 0

Саздар iздеп жұлдыз, бұлақ, қайыңнан,
аспандағы құстың даусын қайырған,
төзiмдi илеп,
сезiмiңдi үгетiн

Толық

Қарап көріңіз