Өлең, жыр, ақындар

Қорықта

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 269
Әр әуезi дыбыстың
кетедi ғой желпiнтiп.
Неткен мұнда —
тыныштық.
Неткен мүңда —
еркiндiк.
Қандыра алмай құштарды
iздеп бойға дауаны,
жұтасың кеп құстардың
әнi сiңген ауаны.
Аң бiткендер жол кезген
шығар сенi қарсы алып,
кетер сенiң сол кезде
тұла бойың ән салып.
Аңдар еркiн сезiнер
жүргеннен соң қорықта,
қарап сенiң көзiңе
тұрар сенен қорықпай.
Мың құбылтар түр-түсiн
терек,
жиде,
қайыңы;
тышқан аулап түлкiсi,
жидек терiп аюы.
Сипап желi басыңнан
малынарсың шығына.
Өтер сенiң қасыңнан
марал менен бұғы да.
Мұнда өмiр басқарақ,
мұнда өмiр келелi:
бәрi сенi дос санап,
бәрi саған келедi.
Жасартатын өмiрдi
бәрiне бiз ынтықпыз.
Адам неткен сенiмдi
болса егер мылтықсыз!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Саған

  • 0
  • 0

Бұқадай басыңды шайқап
Жұлқынып тұрғаныңа қарап,
Ұмтылып тұрғаныңа қарап
Қорқатын едiм.

Толық

Сансыраған хал

  • 0
  • 0

Бүгiнде
Өз жерi мен өз елiнде
Тiлiм мен дiлiм
Екi бүктелiп

Толық

Ағаштармен қыдырамын бiрге мен

  • 0
  • 0

Ағаштармен қыдырамын бiрге мен,
қарамастан күндiзге де, түнге де.
Емiн-еркiн сырласатын достардай
ағаштармен қыдырамын бiрге мен.

Толық

Қарап көріңіз