Өлең, жыр, ақындар

Асфальт үстіндегі сурет

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 304
Бала отыр, қараңдар,
сурет салып ақ бормен.
Көрсiн дей ме адамдар:
Күн мен Өзiн, Анасын
салыпты ол алаңға.
Үстi-басын бор қылып,
«Тыныштық» деп жазыпты
ақ кептердi қондырып.
Әлем үнiн, ел үнiн
жүрегi оның қалаған...
Арқасына Жерiмнiң
жапсырылған плакат —
суретi бар сол алаң.
Жоқ сөзiмде қателiк:
соғыс көрген солдаттың
немересi сол бала.
Жоқ сөзiмде қателiк:
соғыс көрген солдаттың
шөбересi сол бала.
Сол бiр ұяң бал шабыт
қуат құяр тасқындай.
Жатты сурет жар салып
алып Жердiң үстiнде
ашық аспан астында.
Дүниеге алаңдап
қауiп сезер жүрегiм...
Үркiтпеңдер, адамдар,
болашақтың кептерiн —
болашақтың тiлегiн.
Сол кептер мен сол тiлек
ойламаңдар жалқы деп.
Болмасын деп жалқы жыр,
болмасын деп үзiк жыр,
ол тiлек пен ол кептер
миллиоидап үшып жүр.
Кезең қазiр ойланар
айтар ойым, тап шыным...
Планетам айланар
бала салған суреттi
арқасына жапсырып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қағаз

  • 0
  • 0

Оңаша бiр жыр құрап
ой iшiнде адастым...
Ақ қағаздан бұрқырап
иiсi аңқиды ағаштың.

Толық

Опынғанда

  • 0
  • 0

Менi бiр досым
Соқыр тиынға баламай
Сатып кеттi.
Сонысы

Толық

Сұрапыл жел

  • 0
  • 0

Менiң жанымның
Ойран-ботқасын шығарып –
Сұрапыл! –
Жел соқты.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар