Өлең, жыр, ақындар

Қағаз

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 236
Оңаша бiр жыр құрап
ой iшiнде адастым...
Ақ қағаздан бұрқырап
иiсi аңқиды ағаштың.
Қағазда сол тұр әлi
ормандардың мұңды үнi,—
судырласа
шығады
жапырақтардың сыбдыры.
Ойларымды әдiптеп
сонда жатыр бар шыным.
Оған тамған әрiптен
даусы естiлер тамшының.
Үнге айналам толады —
өлең—жырға кенелдiм.
Құс боп оған қонады
шумақтары өлеңнiң.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өсекшіге

  • 0
  • 0

Бәрiн де естисiң.
Бәрiн де көресiң.
Естiп, көрмесең –
Өлесiң.

Толық

Қайыршы

  • 0
  • 0

Сен отырсың айналған тас қабырға,
Қарсы қарап көшедегi ағынға.
Тозған әбден мыж-мыж болып көнерген
бас киiмiң жатыр сенiң жаныңда.

Толық

Ана құдіреті

  • 0
  • 0

Бүгiнiме жеткен өтiп кешеден, –
(Ол бар кезде еңсе тiктеп өседi ел!)
Келе жатты айдай толған бiр Ана
Жалғыз өзi қызылiңiр көшемен.

Толық

Қарап көріңіз