Өлең, жыр, ақындар

Жағада тұрмын

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 370
Жағада тұрмын.
Мың бiр үн
сөйлейдi жүрек атынан...
Алдымда жатыр
бiр-бiрiн
қапсыра қысып
түбек пен
ойлы Атырау.
Диктордың даусын құлаққа
транзистерiм келсе алып,
жападан-жалғыз
жырақта
тыңдаймын бүкiл денеммен
бүкiл Жер Шарын.
Атырау,
сенiң жағаңда
транзиетерден туған үн, —
тағдырын жатыр хабарлап
ультра қысқа толқында
алыс Кубаның.
Хабарлап жатыр,
хабарлап
қатерлi араб аспанын...
Тапталған арсыз табанда
жер жайлы ақын оқиды
шерлi дастанын...
Тұрсам да елсiз мекенде,
тұрмастан бөлек еншi алып
тыңдаймын.
Менiң құлағым
сенде,
Жер Шары.
Өзiмдi сенсiз бiткен деп
ойлаймын.
Сенсiз жұрдаймын.
Жүрсем де қандай нүктеңде
бар ендiк,
барлық бойлықтан
сенi тыңдаймын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Билікке таласу

  • 0
  • 0

Кiл жақсылар билiкке таласуда.
Таласуда, апыр-ай,
адасуда.
Дауыл тұрып жер мен көк арасында

Толық

Жарыстар

  • 0
  • 0

Дәл қазір
Дос-жаран, танысың да,
Жақының, алысың да
Мына дүниені

Толық

Ешкім естімеді

  • 0
  • 0

Мен өлiп жатқалы
Қаншама заман өттi, –
Тоқсан тоғыз құйын,
Тоқсан тоғыз амал өттi.

Толық

Қарап көріңіз