Өлең, жыр, ақындар

Көкiрекке кеткен кезде дерт толып

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 298
Көкiрекке кеткен кезде дерт толып,
жанам кейде алаулаған өрт болып.
Жанам, жанам, жанам мен,
жүрегiммен, намысыммен, жанармен!
Маздап, шалқып жататын
алакеуiм кештегi
алау емес мендегi
ошақтағы, пештегi.
Қайратыммен, демiммен
қара дауыл тартып бiр
шындық болып жанам мен
қара ормандай шалқып бiр.
Мыстан сөздiң үйшiгiн
мыстан сөздер жиылған
лапылдатып өртеймiн
үйiрiлiп құйындай.
Жанған жалын жалақтап
ештеңеге қарамас,
өсек сөздi қуамын
сумаңдатып жалаңаш!
Көрсең егер қашқанын
өсек сөздiң далаға
құтқарам деп жүгiрме, құтқарам деп қарама!
Темiр торлап салдыртқан
терезесiн сындыртып
қорқынышты өртеймiн,
ойбайлатып шыңғыртып.
Жалқаулықты өртеймiн,
ұйықтап жатқан қорылдап,
пышыр-пышыр шыжғырып,
күл қалдырам орнында.
Отқа қақтап өртейiн,
өртейiншi ұшқалақ
өтiрiк пен жалғанды жалбыр шаштан ұстап ап.
Жанам, жанам осылай
күндiз-түнi тойлаған
өртенемiн демесең өшiрем деп ойлама!
Қайратыммен, демiммен
қара дауыл тартып бiр
шындық болып жанам мен
қара ормандай шалқып бiр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шүкір!

  • 0
  • 0

Аяғымның астында —
Алып жер.
Кеудемде — теңіз.
Ал басымда —

Толық

Сағаттар

  • 0
  • 0

Қойсам да мейлi бөлшектеп,
минуттар менен секундқа,
бiр күнгi жүрер жолымды, –
қол сағат менi сол сәтте

Толық

Бұрқанып

  • 0
  • 0

Бұрқанып,
дүрлiгiп,
алқынған,
тiрлiктi төңкерiп тастардай,

Толық

Қарап көріңіз