Өлең, жыр, ақындар

Картаға түспеген өзендер

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 370
Жоқ олар әлемдiк картада.
Шықпаған атағы асқақтап,
сыймаған тарылған масштабқа;
құмайттан, шөлейттен қашқақтап,
табанын тiлдiрiп тастаққа –
ағады бозбала қанындай
көктемде – алқынып;
жалынсыз шағымдай
шiлдеде тартынып.
Жоқ олар әлемдiк картада.
Бар олар Сiбiрде, Кавказда, Арқада.
Ағады кектей жұлқынып,
қас батыр Қара Жер белiнен
қылыштай суырылып.
Күй етiп долданып
арнасын – алқымын,
ұстамай өксiгiн, солқылын
быт-шыт қып тастарға
ұрады толқынын,
кiшкене денесiн
күреске толтырып.
Керегi жоқ тiптi оларға
Беделi атақ пен даңқтың.
Картаға түспеген өзендер
бостандық, күрес пен шабыттың
тамыры сияқты
соғып тұр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сонда да жақпадым

  • 0
  • 0

Алтын ыдысты
Балқашты көтерiп
Алдына тостым.
Алтын балықты

Толық

Түсінсеңдерші

  • 0
  • 0

Қазiр менiң
Сыртым – бүтiн
Iшiм – түтiн.
Сол түтiн

Толық

Бүгінгі қоғам портреті

  • 0
  • 0

Оңға жүрсең –
Әне бір алаяқтар
Шалып қап құлатады.
Солға жүрсең –

Толық

Қарап көріңіз