Өлең, жыр, ақындар

Сөйлей алмай, жаншылып зiл батпанға

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 402
Сөйлей алмай, жаншылып зiл батпанға
ақтарылмай кеудеде сыр жатқанда:
еңсенi езiп тұнжырап ертелi-кеш
күзгi түндей ап-ауыр мұң батқанда;
Жосылтқанда өмiрдiң сойылы ұрып
қалған кезде намысым майырылып;
немесе бiр немкеттi бос сөз үшiн
жалғыз қалсам досымнан айырылып;
жабылғанда бәрi кеп қамап, езiп
таба алмасам шығатын, жабар есiк –
табиғатқа армансыз айтайын деп
кетем үнсiз тау кезiп,
дала кезiп.
Жатпастан-ақ жаныма кiнә тағып
шалғынға орап алдына ол құлатады –
желi келiп көзiмнiң жасын сүртiп,
жапырағы сипалап жұбатады...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Беріктік

  • 0
  • 0

Менi, қазақты, –
Жан-жағымнан анталап! –
Құртқысы келдi.
Дүкендегi матадай –

Толық

Өткен күнге экспромт

  • 0
  • 0

Қайық деп мiнгенiм
Табыт болды.
Гүлтәж деп кигенiм
Қамыт болды.

Толық

Ауыр сөз

  • 0
  • 0

Халықтың атына
Ауыр сөз айтылды!
Шойын балғамен
Құлаштап төске соққандай,

Толық

Қарап көріңіз