Өлең, жыр, ақындар

Жүректей жалаңаш көк төсте

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 396
Жүректей жалаңаш көк төсте
шыңдалып,
шындықпен беттескен,
тұр мынау өмiрге
бiр өлең...
бiр өлең жетпестен.
Ақындар,
қалай да бiр өлең құраңдар
зат есiм,
сын есiм,
етiстiк,
одағай, үстеу мен шылаудан!
Қалай да бiр өлең құраңдар,
жұрт оқып шығатын құмардан.
Дауысы қайланың,
балғаның
өлеңдi соққанда жаңғыртып,
көтере алмастан салмағын.
қамырдай иленсiн
бос сөздер тармағы.
Өрекпiп баса алмай толғағын
жатсыншы демiгiп,
алқынып,
долданып
бiр өлең...
бiр өлең
шығара алмастан
өкпенiң бар тыныс жолдары.
Тасыған өзендей тулап қан,
ағылсын десеңдер жүректен
бунақтар,
екпiндер,
шумақтар,
өлеңнiң тiлiнде
өзгеше шулап қал.
Әйтеуiр,
кәрiң бар, жасың бар
бiр шумақ болса да
бiр өлең жазыңдар!
Жүректей жалаңаш көк төсте
шыңдалып,
шындықпен беттескен,
тұр мынау өмiрге
бiр өлең...
Бiр өлең жетпестен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрегiңмен

  • 0
  • 0

Жүрегiңмен,
санаңмен ұғынысқан,
қанат берiп шаттыққа,
мұңын ұштар

Толық

Шойынбай қарияның Құшнаш кемпірге түсін жорытуы

  • 0
  • 0

- Түс көрдім,
Түрі жаман іс көрдім.
Бет-жүзі
Мұз сияқты жып-жылтыр,

Толық

Түнгі қалаға оралу

  • 0
  • 0

Жұлдыз болып ағып сенiң төбеңнен
ойларыммен
арман
қиял,

Толық

Қарап көріңіз