Өлең, жыр, ақындар

Жүрегiңмен

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 196
Жүрегiңмен,
санаңмен ұғынысқан,
қанат берiп шаттыққа,
мұңын ұштар
сөз дегенiң құпия жаратылыс,
сөз дегенiң құпия құбылыстар.
Қоңырау болып қағылып құлағыңда
түсiп бiр сәт кететiн мың ағынға
тұман,
сәуле,
күн нұры,
толқын үнi
көз жасы бар сөздердiң құрамында.
Құрамында сөздердiң бәрi де бар,
аққу менен қаздардың әнi де бар,
уiлдеген даламның желi де бар,
жараланған жүректiң шерi де бар.
Бәрi де бар,
бәрi де,
бәрi-бәрi,
жылап бiрде күледi, сағынады,
табысады қауышып,
сабылады.
Одан бәрi-бәрi де табылады.
Қуаты бар орныңнан жұлып алар,
семсерi бар жарқылдап құбыла алар.
Жел бiтiрiп жiберер буы да бар,
шағатұғын жүректен уы да бар.
Тiршiлiктiң арманын, тiлегiн де,
үндерi мен бояуын, реңiн де
соның бәрiн сөз етiп сомдап соғып
адам өзi қорытқан жүрегiнде.
Жүрегiңмен,
санаңмен ұғынысқан,
қанат берiп шаттыққа, мұңын ұштар
сөз дегенiң құпия жаратылыс,
сөз дегенiң құпия құбылыстар.
Сөздерден сен қаншама жыладың да!
Сөздерден сен қаншама құладың да!
Сөзбен айтып жеткiзе алмайтұғын
құдiрет бар сөздердiң құрамында!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Обал

  • 0
  • 0

Сонау жылы,
Үстiрт үстi.
Күн ыстық.
Дем аласың отты ауаны тыныс қып.

Толық

Тоныкөк

  • 0
  • 0

Мен, Бiлге Тоныкөкпiн,
Елi
Табғаш жұртына бағынған
Көкiрегiнде

Толық

Өртеніп жатқан ағаш

  • 0
  • 0

Сұмдыққа мынау бастаған
қалайша жаның жылымас, –
найзағай түсiп аспаннан
өртенiп жатты бiр ағаш.

Толық

Қарап көріңіз