Өлең, жыр, ақындар

Абай сөзі

  • 07.04.2021
  • 0
  • 0
  • 604
Ертеңнің сөзін сөйлеп кеше кеткен,
Қазағын адамзаттың шешені еткен —
Қарызға өсім үшін берген пұлдай,
Сөзінің құны күнде өседі еппен.
Жанына тапты халық азық, тегін,
Байышы Абай ата қазып кенін.
Салмағы әр сөйлемнің бір кітаптай,
Атажан, қорғасынмен жазып па едің?
Теңгерер тентектердің басын "қия",
Жұбатар әлсіздердің жасын тия —
Тотықпай ғасыр-тұздан аман өткен,
Атажан, таптың қайдан асыл сия!?
Демейді әркімдер де бабам нашар,
Десең-ақ жоғалтқаның замандас — ар.
Тұшынып Абай сөзін оқи алсаң,
Не ғажап, күнде жаңа санаңды ашар!
Оқышы, кісілікке бұрмақ ішің!
Оқышы, елден биік тұрмақ үшін!
Оқышы, пасықтарды жерге тығып,
Беруге азаматтың жырлап ісін!
Түсінсе жанның бәрі "сөз" дегенді,
Сөз шіркін теңестірген көзге кемді.
Бас жарар, бақыт берер, бақ тайдырар,
Сол сөз ғой, бауыр етер өзгені енді.
Сөз — мерген, сұр жебе боп тиіп жатқан!
Сөз — шебер, ел іргесін құйып жатқан!
Сөз — зергер, адам жанын әшекейлер!
Сөз — асқар, бар биіктен биік жатқан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шошындым мен

  • 0
  • 0

Денім сау ма, япырмай, денім сау ма?
Ойға келмес нәрсе ғой денің сауда.
Қара бастың қамымен қажымағам,
Бақытты едім — жұрт аман, елім сауда.

Толық

Алыста жүрген ағайын

  • 0
  • 0

Сақтаған ұзақ сан жылдар
Қанжардай күңгiрт тартты ма?
Жарқ етшi, кәне, сағыныш,
Жарып шық теңдi, қапты да.

Толық

Он сегіз жаста екенсің

  • 0
  • 0

Он сегіз жаста екенсің
Көзіме алғаш түскенде.
Бозбала азап тартар шақ
Бойжетіп қыздар піскенде.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар