Өлең, жыр, ақындар

Наурыз-Ата

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 378
Қош келіпсіз, Наурыз-Ата,
Киелімсің бас иетін!
Адам қолдан жасамаған
Алла берген қасиетін.
Күтем сенен, жаңа Наурыз,
Басы болшы жақсылықтың!
Елің бұ кез жіңішкерді
Қысып кетті тапшылық тым.
Жарты құрсақ адамдар бар,
Еңбек берші нан табылар.
Жара жүрек жарандар бар,
Емін айтшы жан жазылар.
Көбі іздемес ештеңені
Ішсе болды арақтарын.
Абзал-Ата, тоқтата гөр,
Деші "тоқта, қарақтарым!".
Иінінде шапаны жоқ,
Улап тәнін жылынады.
Адам етіп жаратып ең,
Кім боп қайтар құлың әлі?
Сәлем! Сәлем! Наурыз-Ата,
Басы болшы жақсылықтың!
Ренжіме қарсы алды деп,
Мына бала апшылып тым.
Бала деген әуелден де,
Арыз айтар атасына.
Ата деген әуелден де,
Бөлеп тастар батасына!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бар сырым

  • 0
  • 0

Ұлғайып жасым ұстаған едім қаламды,
Бір жырлап берсем, дедім бе, маңғаз, даламды?
...Сорлаған халық демеші, шырақ, тегіңді,
Тексіздік, сірә, жамандықтан да жаманды...

Толық

Жаным таза

  • 0
  • 0

Жаным таза — мақтанышым тірлікте,
Сезім таза — сақтамаймын бір бүкпе.
Жер-Ананы ластамай Ақырға —
Кете алардай бұл өмірді сүрдік пе?

Толық

Мақалға сын

  • 0
  • 0

Оздыртпай ағайынның сәйгүлiгiн,
Озсын деп ауылдастың тай-құлынын,
Ақ көңiл, мақалшы ата ойламапты-ау
Ағайын, бауыр, туыс қайғы, мұңын.

Толық

Қарап көріңіз