Өлең, жыр, ақындар

Қазақ халқына бақыт тілеймін!

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 473
Араб елінің патшасы Қағба қақпасының алдында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа: "Қағбаға кіргеннен кейін Аллатаңаладан шын пейіліңізбен, беріле үш тілек тілеңіз, Жаратқан қабыл алады", — депті.

Ақ тілеулер кетті қамап анталап,
(Көлеңкедей кешкіғұрым, зәнталақ).
Еділ, Жайық, Ертіс пен Сыр, Жетісу —
Елес берді байтақ елі, шартарап.
Неткен шексіз бір бастағы тілеулер! —
Құранды жұрт... лай сулар... жүдеу жер.
(Ең бақытты уайымсыз жан ғой деп
Ойлайды-ау, әлдеқандай біреулер).
Бір-ақ сәтте ойы кетті шарқ ұрып
(Не іздейді талай тілек бар тұрып?).
Ол не еді, жүректегі қорғасын,
Ойлағанда қалатындай қан тұнып?
Еске түсті... Бойды кернеп — күш-леп!
(Бундай сәтті сезімді жан түсінеді)
Ақ тілек боп үш тілектің орнына
Айтьшыпты бір-ақ тілек үш рет:
Қазақ халқына бақыт тілеймін!
Қазақ халқына бақыт тілеймін!
Қазақ халқына бақыт тілеймін!
Арманды жан ой орманын көп кешер.
Нағыз ақты сәуле десер, сүт десер.
Жуып кетті тамшы жасты, ақ тілеу,
Сәті менен құйып кеткен құт нөсер!

Семей. 23.02.1995 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Иоганн Штраус

  • 0
  • 0

Суырылып суыртпақ боп сезімдерім,
Тәнімнің сездім сазбен езілгенін.
"Голубой Дунай" вальсі Штраус —
Қонақ боп қайтқан көкке кезім менің.

Толық

Менің Меккем

  • 0
  • 0

Менің Меккем баратын қажылыққа,
Қағбам да сол, қайтатын табынып та —
Абай басқан топырақ, сыр айтады,
Сен де толған, жүрекпен сазын ұқ та.

Толық

Ұлыдан тәлім алған ел

  • 0
  • 1

Ей, Ұлы бабам!
Тағы да елдің жатсың ба басын жиып!?
Ұлылыққа мен келдім басымды иіп.
Бұ күндерде түзелді қайран жұртың,

Толық

Қарап көріңіз