Өлең, жыр, ақындар

Менің Меккем

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 355
Менің Меккем баратын қажылыққа,
Қағбам да сол, қайтатын табынып та —
Абай басқан топырақ, сыр айтады,
Сен де толған, жүрекпен сазын ұқ та.
Санатына қоспайтын ақынды адам,
Кей пенделер — ойларың жақын маған.
Бір топ шиге, деймін мен, сен емес пе,
Абай ойын "шын-шындап" мақұлдаған.
Сезім шанши жүректің жараларын,
Төкежанның ауылын араладым.
Елестеттім көзіме, елге үлгі,
Үнем менен ұқыптың "қара нарын".
Парасаттың бір кезде жауы шықты,
Мәңгүртіңмен жау со кез қауышыпты.
Ұрпақтарын Құнанбай — тегімізді,
Атып, асып, айдатып тауысыпты.
Атып тастап қазақтың бір данасын,
Жер айдатып Абайдың бір баласын,
Сен емес пе ең өзіне қамшы салған,
Ей қазақтар! енді арнап жыр жазасың!
Бақ іздесең бауырым басыңда тұр,
Ұлы іздеме алыстан, шашылма құр.
Өз басыңнан бәріде табылады,
Аруағы Адайдың қасыңда жүр.

Семей. 25.05.1994 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кешірмей бір қатені

  • 0
  • 0

Сен мендік бола алмадың,
Мен сендік бола алмадым.
Секілді көкте жұлдыз,
Жетпеген сол арманым.

Толық

Әттең, әттең...

  • 0
  • 0

О, Тәңірім! Тағдырыма ырзамын,
Егіп бердің жүрегіме жыр назын.
Тілдеседі табиғатпен жан-тәнім,
Жеті мүшем сезіп тірлік ырғағын.

Толық

Сағынамын

  • 0
  • 0

Жүрек сыздай бір жанды сағынамын,
Бұ не ғажап!, тек соған шағынамын.
Көріктіме дана ма батыр ма екен
Кім болса да бас ием тағына мың.

Толық

Қарап көріңіз