Өлең, жыр, ақындар

Ата мен ата жолы

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 499
Ата дейді, қастерлейді атыңды,
Армандады жуытпауға жат үнді.
Опат болды сені жырлап Ілияс,
Өз жолыңда талай Сәкен атылды.
Жолың сонша құрбандықты тілей ме?
Керек пе әлде жәй әншейін үрейге?
Кебек ерді буындырған Кеңгірбай,
"Ата" деген ат береміз дүлейге.
Ата дейміз жасы үлкенді, өткенді,
Үлгі етеміз осы күнгі көпке, енді.
Соның бірі қамшы салған Абайға,
Соның бірі Мағжан қанын төккен-ді.
Есте қалған, қалмағанда атам көп,
Соның бірі басын шауып Махамбет.
Талай атам ата жолын қолданған,
Құс төсекте жұмсағырақ жатам деп.
Ойлан, ұрпақ, дұрысыңнан қатең көп,
Қабылда тек ақ ниетті атам деп.
Тек ізгілік ата жолы әрқашан,
Тек ізгіні таныйықшы атам деп!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ізетшілік

  • 0
  • 0

Ең асыл не? – Ол деген iзетшiлiк!
Бар жаһанға жүретiн тiлек тiлеп –
Ол асыл жан! Табиғат берген оған
Жақсылыққа жаралған жүрек – тiлек.

Толық

Ақыл

  • 0
  • 0

Ошағыңның отын жақ,
Қосағаңның қасын бақ.
Ұл-қызыңды әлпеште,
Қамын ойла сосын жат.

Толық

Менде бір арман бар

  • 0
  • 0

Менде бір арман бар.
Омыртқасының жұлыны,
Бура санының жілігі,
Бұлшық етінің сіңірі —

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар