Өлең, жыр, ақындар

Іздедім мен

Жоғалтып алып іздедім,
Арасынан мың көптің.
Дүние-ай, жалған екенсің,
Шындық іздеп терлеттің.

Іздеген едім шындықты,
Таба алмадым, шаршадым.
Сөзіне қарап іздедім.
Əділдікті баршаның.

Таба алмадым оны да,
Мені бекер сөкпе ұрпақ.
Өзге тілге төселдік,
Құшақ жайып, салып құрақ.

Тілімді де іздедім,
Өзге тіл сайрап тұрған-ай!
Дінімді де іздедім,
Иманға жүрек бұрмады-ай!

Іздедім жылаған сəбиді,
Қалды ма боп тастанды.
Асырап алып жылытсам,
Құшағыма алып,
Мауқымды бір бассамшы.

Іздедім тағы қарияны,
Далада қалып тоңды ма?
Болмасын ұл-қыз без бүйрек,
Ойласа етті ұятты да.

Өзіңде ертең қартайсаң,
Басыңа түссе сол уайым.
Кім кепіл сірə болмасқа?
Ойласаң болар бұл жайын.

Көрсетсең ата-анаңа,
Уайым менен зор қайғың.
Балаңда саған дайындар,
Қарттар үйінің бір жайын.

Анаңның аяқ астында,
Жұмақтың жатқан кілті бар.
Сый құрметке бөлерсің,
Түсірмей кірбің көңіліне.
Осыны ұрпақ ұғып ал!







Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз