Өлең, жыр, ақындар

Қадырды оқы, қарындас

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 369
Орынсыз өмір сөккенде,
Амалың болмай өктемге,
Содырдан жапа шеккенде,
Ақ-қарасын ашуға
Табылмаса еш пенде,
Аударып кітап парағын,
Қадырды оқы қарағым.
Былғаса өмір батпағы,
Басқанда қайғы батпаны,
Байқалмай таңның атқаны,
Белгісіз күннің батқаны,
Езіліп еңсе жатқаны —
Қадырды оқы, бадақан,
Аймадар сені адақан.
Жүректе сезім өшкенде,
Көңілден сенім көшкенде,
Кешегі досың өш пенде,
Өмірден, жаным, шошыма.
Қадырды оқы, сескенбе,
Көмексіз қалмас еш пенде —
Торыққанда досыңнан,
Табылады қасыңнан.
Қадырды оқы, Қарындас!
Қуанышты кезіңде
Өзіңдей боп төгілер.
Қайғы басса сезімді
Өзіңдей боп үгілер.
Ізеттілік іздесең,
Жоқшыл болар көреген.
Адамшылық іздесең,
Ақылшың болар береген.
Ерді сүйген жар болсаң,
Мейірман ақ баташың.
Нәрестелі жан болсаң,
Мөлдір көзді боташың.
Жан болсаң егер жарым жас,
Дертің болса арылмас —
Бәрібір оқы Қадырды,
Сырласарсың қарындас.
Қадырды оқы, Азамат!
Намысың арды қозғаса
Еріңді атқа салысар.
Жаныңа батқан жараңның
Өзегін бірге алысар.
Білектің күші жетпесе
Қол шоқпар қылышы ұратын.
Өнерге өрең жетпесе
Тұғырың сол ғой тұратын.
Еліңнің қамын ойласаң
Керегенің сол сұңғыла.
Ұлыңды халқым сила, сен,
Әр жолы өлең бір мұра.
Жігіт болсаң намыссыз,
Жүре алмас: сайсыз, қамыссыз,
Іс істей алмас таныссыз —
Бәрі бір оқы Қадырды,
Үйрен қалай өмірде:
Берілмеуді алыссыз,
Сөйлемеуді мәніссіз.

13.12.1988 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тау бұлағы

  • 0
  • 0

Моп-момақан қарасаң келбетіне,
Күз өткен соң есейіп, ержете ме?
Ұйқылы-ояу жатқаны тау еркесі
Ақ бесікте, бал-бөбек, тербетіле.

Толық

Жігіттерге

  • 0
  • 0

Жiгiттен көрсем тектiлiк,
Арнаймын жолға сәт тiлек.
Шыңына асқар арманның
Тұрамын шықса деп тiлеп

Толық

Ана тілім

  • 0
  • 0

Атыңнан айналайын, Ана тілім,
Себеп боп, сенің, өзің жаратылдым.
Әлемде небір ғажап сұлулық бар,
Ішінде барлығының дара тұрдың.

Толық

Қарап көріңіз