Өлең, жыр, ақындар

Он сегіз жаста екенсің

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 474
(жұбайым Қантөренің 62 жасына)

Он сегіз жаста екенсің
Көзіме алғаш түскенде.
Бозбала азап тартар шақ
Бойжетіп қыздар піскенде.
Сағыныш атты cap табақ
Ғашықтық сезім ішкенде.
Еркіңмен түсер тұзағың
Құтылмас қашып еш пенде.
Алғашқы дәурен он сегіз
Сәтімен солай кетіпті.
Баланың ғажап сағынар
Сезімді шағы жетіпті.
Тер төгіп еңбек ететін
Толтырар кезі кетікті.
Тағы да бір-жар он сегіз
Еңбекпен солай өтіпті.
Түндігін аштық бір үйдің
Қырық жыл болды шамасы.
Содан бері отымның
Екенсің өзің панасы.
Содан бері екенсің
Бір шаңырақ анасы.
Үйінің әйел бақаны
Ерінің жетсе санасы.
Қырық төрт жаста өзіңе
Арнапты жарың бір өлең.
Шақырды талай қиянға
Сезімді тербеп бұл өлең.
Өнердің түрлі басы боп
Шалыңыз содан түлеген.
Дем берген шабыт ақыңа
Жырыммен саған гүл егем.
Бұл он сегіз отыңа
Жемісін ала жетіпті.
Бұл он сегіз біздерге
Кісілік атын бекітті.
Танысқан бір кез шоферің
Сынақтан солай өтіпті.
Қазақтың байтақ даласын
Аралап даңқы кетіпті.
Тойлаймыз туған күніңді
Ойда ғой сол бір он сегіз.
Түспейді көзге опынба
Мезгілге аздап оңсаңыз.
Жастығың қолда — Досекең
Жәмилә, Айгүл, соншамыз.
Бергей де Алла осындай
Біреуін тағы он сегіз.

Ақтау. 17.02.2005 жыл.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызыл көйлек етегін

  • 0
  • 0

Қызыл көйлек етегін
Жиектетіп ақпенен.
Сәулем қайда барасың?
Қол ұстасып жатпенен.

Толық

Ыстық-Ата өзені

  • 0
  • 0

Басып-жаншып бір-бірін аласұрып,
Ақ толқындар асыққан жан ұшырып.
Көрінгенмен сұрапыл, соқыр күш боп,
Дейді, байке, бұнда да бар тіршілік.

Толық

Қарындасқа хат

  • 0
  • 0

Орындалмай тірлікте бас талабы,
Қорғасын ой тарамай бастан әрі —
Миллионның ішінде жалғызсырап,
Жанарына ағаңның жас толады.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар