Өлең, жыр, ақындар

Ыстық-Ата өзені

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 613
Басып-жаншып бір-бірін аласұрып,
Ақ толқындар асыққан жан ұшырып.
Көрінгенмен сұрапыл, соқыр күш боп,
Дейді, байке, бұнда да бар тіршілік.
Тіршілігі – алтындай балығы бар,
Суын ішсең денеңе дарыған нәр.
Мәңгіліктің белгісі бұл өзенде,
Толқын соғып әндеткен қойтасы әр.
Даусын тыңда, қарағым, бұл өзеннің,
Тауына шық, қабылда күннің көзін.
Алтын тамыр қазып же, қымызын іш,
Сонда толар бойыңа жастық сезім.
Араладым армансыз шыңын, құзын,
Таттым талай қырғыздың дәмін, тұзын.
Қайттым елге, сезіммен көкіректе
Қоштасқандай қия алмай туған жерін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Асауға мінші

  • 0
  • 0

Жанымдай сүйдім жылқыны бала кезімнен,
Аялаушы едім көбірек, тіпті, өзімнен.
Күйдіре демін ешқашан зорлай шаппадым,
Болып ем ғашық ерекше ғажап сезіммен.

Толық

Күн еңкейсе, көлеңке ұзарады

  • 0
  • 0

Күн еңкейсе, көлеңке ұзарады,
Ел азарда кәрі шал қыз алады.
Заман азса, қылыштай хан бұйрығын
Даңғазаның жел сөзі бұза алады.

Толық

Жастарға

  • 0
  • 0

Осы өмірден өз орныңды алдың ба?
Сәулеленіп арман тұр ма алдыңда?
Жүре беріп сілтеуімен біреудің
Әлде шығып өз жолыңнан қалдың ба?

Толық

Қарап көріңіз