Өлең, жыр, ақындар

Арман жай

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 417
Арман жай, Сегіз Жұмақ, Көкте екен!
Кешіргің, жазылған жыр текке десең?
Қош болғын ол-Ахрам, Алла үйі,
Тәңірдің нұры жауған — Мекке мекен.
Өмірді өтеді адам Жалған деумен,
Дегенмен қымбат сонша қалған дәурен.
Ей Тағдыр, мені енді жаңылдырма,
"Сүйіктім, ең қымбатым — Аллам деуден! ".
Жігіттер артың күнә, алдың қандай?
Түгендел, Алла алдына жарты бармай.
Тілінді калимаға келтіріп ал,
Ертең күн сот алдында қапы қалмай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазақтың дарындары

  • 0
  • 0

Күйінің таңқалдырып сарындары,
Үн кернеп далам жатыр жарылғалы.
Қазақты ұлы көште ұлы етер,
Ғажайып, туа біткен дарындары.

Толық

Түс

  • 0
  • 0

Түсімде көрдім анамды –
Ұсынған шұбат, нән зерең.
Тозса да нұрлы жанары
Көзінен ұқтым – мән терең.

Толық

Шошындым мен

  • 0
  • 0

Денім сау ма, япырмай, денім сау ма?
Ойға келмес нәрсе ғой денің сауда.
Қара бастың қамымен қажымағам,
Бақытты едім — жұрт аман, елім сауда.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар