Өлең, жыр, ақындар

Қазақтың дарындары

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 333
(Айман Мұсақожаева қарындасыма)

Күйінің таңқалдырып сарындары,
Үн кернеп далам жатыр жарылғалы.
Қазақты ұлы көште ұлы етер,
Ғажайып, туа біткен дарындары.
Дарынын елі сүйер, мақтан етер,
Көп адам таласады баққа бекер.
Кешегі Қажымұқан, Мұрын жырау,
Даналық — қазақ аты, ақтап өтер.
Жүгірсе Жыланбаев — Жер айналған,
Мақтанба, мүмкін біреу, дер-ай маған.
Кетпені Жақаевтың он күректей,
Аңызға арқау болар ер айналаң.
Әр пенде арман, мұңын сұрайды елден,
Тәтті ғой сағынышың жылай көрген.
Ұлыстың ұлылығын паш етеді,
Дарыны Айманжанның Құдай берген.
Қанша жыл еңбек етті мігір етпей,
Арқадан ару жанның жүгі кетпей.
Келеді басқаларға бақыт сыйлап,
Жібітіп жан-тәніңді құдіреттей!
Ғажап үн суыртпақтап саз тартады,
Сол үннен бойға әсем наз тарқады.
Аңсасаң сырлы сазды, сиқыр назды,
Айман мен скрипка тартар тағы.

Астана. 26.05.2002 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шипа

  • 0
  • 0

Әдетім бар оймен әлем кезетін,
Ой толқыннан жер тынысын сезетін.
Ел ұйқыда, сен қамқор боп отырсаң,
Тыныштығын, рахатын сезе түн.

Толық

Көк бөрі

  • 0
  • 0

Ей, Көк Бөрі!
Бейнеңді ту ғып көтерген,
Бөрілік атың өтелген,
Аңызға атың айналған,

Толық

Дәме

  • 0
  • 0

Кенже қалып бұл жарысқа қосылдым,
Сынап көрші, халқым, бағын осы ұлдың.
Мүмкін шауып бәйгі алармын жарыста,
Демігермін, ұзай алмай алысқа.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар