Өлең, жыр, ақындар

Қазағым

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 459
Махамбетке өмір сыйлап қазағым,
Аңқылдады cap далада қазақ үн.
Қалай көзі мерт етуге қиды екен
Мен тұтамын әлі күнге аза, мұң.
Тарихтың ғұмыры ұзақ, мың жасар,
Кей жылдарын есіңе алсаң мұң басар.
Дәметпеңдер өшеді деп бүгінгі із,
Жоғалар деп ұмытылар, құм басар.
Кім түзейді қате басқан ізіңді,
Кім жөндемек ойрандалған түзіңді?
Кім тазартар көкірегін ұрпақтың,
Жезөкше атын алған анау қызыңды?
Ей, қазеке, енді тағы ұтылма,
Адаспағын еріп тексіз, жұтырға.
Атаң айтқан жүз жыл бойы аштық жоқ
Айналайын бір тойғанға құтырма.
Ей, қазақтар, алғыс алшы ұрпақтан,
Дұшпан болма, тырнақ асты кір тапқан.
Ұлан болшы, ұран болшы еліңе,
Ата-баба алғысынан нұр татқан.
Ей, бауырлар, қазақтығың сында тұр,
Ардақташы бола аларды мыңға "пір".
Ардақташы, аға тұтшы біреуін,
Шығара алмас сара жолдан мың көпір.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Анасы мен баласы

  • 0
  • 0

Ауырсынбас емшектің жарасын да
Ұрпақ үшін жан қияр шарасызда.
Әйел бағы неде екен, ол бір жұмбақ,
Ана баға ержеткен баласында.

Толық

Абай жылына ода

  • 0
  • 0

Өтіп бара жатыр бүгін бір жылым
"Шабыт жүген намыс мінген" жыр-жылым!
Байтақ Отан, шексіз Әлем — Сенің де,
"Абай" деген саңқ-саңқ етіп тұрды үнің!

Толық

Өлең

  • 0
  • 0

– Өлең сенің анаң болса қайтер ең?
– Өмір бойы ардақтаумен өтер ем!
– Өлең сенің жарың болса қайтер ең?
– Өмір бойы арын қорғап өтер ем!

Толық

Қарап көріңіз