Өлең, жыр, ақындар

Шындық іздеп

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 388
Шындық іздеп ұзақ жүріп қалыппын,
Кейбір шындық торықтырдың, налыттың.
Өз шындығы бар-ау, ғажап, малғұнның,
Пенденің де, тіпті тұтас халықтың.
Талай шындық аян болып түске енді,
Талайлары қолға тегін түскенді.
Сол шіркіндер алдап, арбап жол бастап,
Шеттерінен сағым-мұнар өшті енді.
Ұлы істер — қайда бізге, қол қысқа
Аз еңбекпен бөлендік те алғысқа.
Бірақ одан "шындық" таппай жүргенде,
Жетіп қаппыз асқар асу алпысқа.
Сен де, шырақ, шындық таппай мұңайма,
Адал өмір — міне нағыз шын айна.
Әр шындықтың несі бар, нақ шындық,
Нақ Ақиқат, сене білсең, Құдайда.
Мен іздемен енді қоныс шұрайын,
Мен таңдаман енді Алла Күн, Айын.
Бірақ енді адаспаймын жолымнан,
Жүрегімде, жол сілтейтін, Құдайым!

Ақтау. 3.10.2000 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көңіл

  • 0
  • 0

Алға тартса пасықтар жамандықты,
Мен келемін ұран ғып адамдықты.
Кей жігітті, қайтейін, бай табиғат
Жақсылыққа, қан шықпас, сараң ғыпты.

Толық

Құрдастар

  • 0
  • 0

"Жаман қатын" қалай жүр маңайында?
Күпі киіп, керзі етік жаз айында?
Бір кездегі сұлуды сылаң қаққан,
Күте алмаған өзіңнің сазайың да!

Толық

Ықылас

  • 0
  • 0

Құмар дейді қазақ деген бір халық —
Жіберуге бар қонағын ырза ғып.
Ішпей-жемей үнемдейді, ал сосын
Шашады екен — туа біткен мырзалық!

Толық

Қарап көріңіз