Өлең, жыр, ақындар

Қанағат

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 599
Ай, пенделер, пенделер-ай, пенделер —
Қашан рух, қашан құлқың жөнделер?
Байқайсың ба, аз ғұмырды қысқарта
Айың-күнің шыр айналар, дөңгелер.
Бұл жарыққа шықтың болды өтерсің,
Шексіздікке бір нүкте боп жетерсің.
Жерде сүрген жүз жыл ғұмыр — көктегі
Бір-ақ сәттік. Обал, обал — бекер, тым.
Сайтанға ердің, арам іштің — адастың,
Мансап қудың, ар аттадың, таластың.
Мәңгі өмірді, күні ертеңгі ойламай
Құдайсызбен, имансызбен жарастың.
Жаратты Алла сонша байлық біз үшін,
Пенделердің байқап көрші сіз ісін —
Бәрін шашар тақ жолына — қараңдар,
Жан берісер қошқарлардың сүзісін.
Денің де сау ішсең асты шамалап
(Солай етер асыл жанды азамат).
Ен байлыққа ие етер бәріңді
Қолыңдағы ең асыл зат — қанағат!
Босқа жатыр сол қазына алынбай,
Қожа болшы, тегін нәрсе, жалынбай.
Сол "Қанағат" — бар араңды тойдырар,
Тек мойында, табар сосын жаның жай.
Пайғамбарша — Алла сөзін мәнді ғып,
Жүрсең, бұл Жер, Жұмақ болар мәңгілік.
Бір сағаттық өміріңді өткізші,
Бес парызбен, иман жолын сәнді ғып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бәсеке

  • 0
  • 0

Атағының жаны ашып жабысына
Қазақтар жүр жарыста сағы сына.
Арғымағын оздырып ағылшынның
Бiр қазақ жүр мастанып табысына.

Толық

Ізі өзің атақты қайқылардың

  • 0
  • 0

Өнерді сен өмірге балап едің,
Өлең-жырға толы еді жан әлемің.
Талапайлап аузыңнан алып кетті,
Ақкүріш-ау, әніңді қалап елің!

Толық

Ықылас

  • 0
  • 0

Құмар дейді қазақ деген бір халық —
Жіберуге бар қонағын ырза ғып.
Ішпей-жемей үнемдейді, ал сосын
Шашады екен — туа біткен мырзалық!

Толық

Қарап көріңіз