Өлең, жыр, ақындар

Құдайды ізде

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 317
Талғанда белің налыма, қалқам, ауырдан
Торықпа, тіпті қорықпа ешбір дауылдан.
Әділет ізде, Құдайды ізде қашанда,
Қалғанда көңіл қастыққа кеткен жауыңнан.
Құдайды ізде шапағат нұрдың ішінен,
Құдайды ізде жаратылыстың күшінен.
Құдайды ізде ғажайып құбылыстардан,
Бәрі де Алла ісі деп өзім түсінем.
Іздеші, ізде қайырымынан жандардың,
Алғысқа лайық адамдар барын аңғардым.
Куәсіз, пәкті періште деп те атайды,
Аты да солай өзіңді сүйген жан жардың.
Іздеші, ізде ізгілік деген қауымнан,
Жақсылар үшін аумайды жат та бауырдан.
Айналайындар, алмашы атақ қауіпті —
"Қатігез" деген емі жоқ дертпен ауырған.
Құдайды ізде! Тіректі содан табарсың,
Сенбесең хаққа — сергелдең болып қаларсың.
Іздеші мейір, ізгілік сіңген жүректен,
Бәрін де бәрін сол жерден тауып аларсың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күй... өкініш

  • 0
  • 0

Сүйріктей саусақ... ішектен үндер төгіліп,
Жарты Шар — шанақ нұр сеуіп, аспан сөгіліп
Сиқыршы жас қыз санаңды билеп әкетсе
Заманға сонау сенімен бірге шегініп.

Толық

Жылы жауын

  • 0
  • 0

Шақырайып талма түсте күн көзі,
Еркін билеп бар әлемді бір өзі.
Жан-жануар, өрт-лепте, дел-сал боп,
Қысылатын, сая таппай, бар кезі.

Толық

Құрманғазы күйлері

  • 0
  • 0

Өн бойыңа бал әуен таратылып,
Лаулап, cөніп бал cезім — жаңа, тұнып,
Көрінгенде табиғат анаңдай боп,
Өзің қайта туғандай жаратылып —

Толық

Қарап көріңіз