Өлең, жыр, ақындар

Білтелі шам

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 487
Отырмын сенің түбіңде тағы ойланып,
Балалық шақты, өмірді өткен ойға алып.
Жас шақта шырақ қажет те емес екен-ау,
Арманның нұры сіңгенде, аппақ, бойға анық.
Жаныма нұр боп сенің де сәулең құйылған,
Санама нәр боп дарышы білік бұйырған.
Елу жыл өтіп қайтадан бүгін кездестік,
Сарайшық атты, жүрекке жақын, қиырдан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

"Ой мен арман" есігі

  • 0
  • 0

Ойлар кейде батырлыққа бастайды,
Ой үстінде болар талай бас қайғы.
Ой жеткенмен айла, күшім кем соғып
Келемін мен тындыра алмай жақсы ойды.

Толық

Құлпытастар альбомы

  • 0
  • 0

Таста жан бар, ерекше, заты нәзік,
Ол тарих аршитын батыл қазып.
"Құлпытас" деп ат қойып,
Иманғали, Ардақтапты алтынмен атын жазып.

Толық

Домалақ анама

  • 0
  • 0

Ер — ел мұңын ойламай асып-тасса,
Тұрмайды екен мәңгілік бақыт баста.
Қасиетін ардақтап, сыйламаса,
Жояды екен сәндігін жахұт тас та.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар