Өлең, жыр, ақындар

Домалақ анама

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 551
Ер — ел мұңын ойламай асып-тасса,
Тұрмайды екен мәңгілік бақыт баста.
Қасиетін ардақтап, сыйламаса,
Жояды екен сәндігін жахұт тас та.
Сездің бе, ана, еліңнің ту жыққанын,
Содан да ма үнсіз ғап булыққаның?
Ел санасын биледі талай ғасыр
Аруақсыз, Алласыз — сұмдық таным.
Қаншама рет тұрғызды зиратыңды,
Зұлым күшпен сонша рет қиратылды.
Көк байрағы желбіреп туған елдлің,
Тағы, міне, ұл-қызың ширатылды.
Атың, ана, кетпейді құлағымнан,
Өзіңе арнап бұ күндер жыр ағылған.
Келіп жатыр басыңа алыс-жақын,
Ана сенің дәм татып бұлағыңнан.
Ойдағы емес, бойдағы - өзімдегім,
(Аруағыңа ризалық сезім бе бұл) —
Жаннан атқан мөлдірім, жалғаны жоқ,
Жан дүнием шаттықта, көзімде гүл.
Жары болдың Бәйдібек-данамыздың,
Сансыз ұрпақ тәніне қан ағыздың.
Бала-Бөген бар қазақ ордасындай
Мекен еткен Домалақ-Анамыздың.
Панасы жоқ, анасыз — бала пақыр,
Құба шөлдей, ұрпақсыз ана-тақыр.
Ұлттығынды ұмытқан, жетімсіреп,
Ау, ағайын, оянбай сана жатыр.
Жемдейтінжәй азамат жан азығын,
Келбетіндей — парасат, санамыздың
Күннен-күнге биіктеп бара жатыр,
Аруағы Домалақ анамыздың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тілек

  • 0
  • 0

О, Жаратқан, ризамын сезім берген!
Қандай ғажап, сезіммен көзің көрген!
Тілей алшы жақсылық өзгелерге,
Омақасып жатырған кезінде, Сен!

Толық

Қимас арман

  • 0
  • 0

Ойлар туар бiрiн-бiрi жоқтасып,
Кейде қаңғып, кейде тура деп басып.
Отырамын кейбiреуiн шеттетiп,
Ал бiрiне өз ұлымдай жақтасып.

Толық

Адамдар қандай жаралды екен нәсілден

  • 0
  • 0

Біріне бірі жарамсақтана бас ұрған,
Біреуін бірі мезгілсіз шөгіп қашырған,
Бірінен бірі зымиян мінез жасырған,
Заманнан заман зұлымдық құлқын асырған.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар