Өлең, жыр, ақындар

2000 жыл табалдырығы

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 493
Көңілдің хошын даладан тапқан саяттап,
Шаруа елім ғұмырды сүрдің жай аттап.
Асықпай ақыр арбамен жеттің қоянға,
Мың жылды мынау бостандық тумен аяқтап.
Бет алды көшің келешек жұмбақ ғасырға,
Аңқаулау едің, сақ болшы енді, шашылма.
Қандасты күндеп, әлсізді жүндеп — қор болма,
Бермеші ерік "менмендік" деген ашуға.
Көрсе де қандай заманнан өткен тапшылық,
Күтеді алдан жасың да, кәрің жақсылық.
Бостандық баста, жан-тәнің азат — енді тек,
Керегі — бірлік ... Түсінсек соны жақсы ұғып.
Ұлылық болсын, арманың елім, бірігіп,
(Тас болар құм да салынса сазға кірігіп).
Сақ, Қыпшақ, Түркі - тұлға боп кірген тарихқа,
Керек-ау қазақ жұртына аса ірілік.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір өткелдері

  • 0
  • 0

Арманымсың, күнім деді бозбала,
Құшағына кіре түсті қыз бала.
Өшіп барам, ая мені, сәулешім
Жігіт түгіл есер желден қызғана.

Толық

Шәрбаттан балдай не пайда

  • 0
  • 0

Шәрбаттан балдай не пайда
Жұтқыннан әрі өтпесе.
Сұлудан "сұқсыр" не пайда
Тұшынып өзі өппесе.

Толық

Бейбіт қажы, Бейбіт бей, Бейбіт мырза

  • 0
  • 0

Болашақты Жәннәтқа айналдыра,
Алла жолы — һидаәйат, майдан құра,
Бейбіт қажы, Бейбіт бей, Бейбіт мырза,
Сонша ғылым жиды екен қайдан, сірә?

Толық

Қарап көріңіз