Өлең, жыр, ақындар

Бір құдірет күтемін

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 395
Қарайламай қимас шақ кете бардың,
Әдеті ғой, өкініш, есебі аздың.
Әпкеңдеймін, міне енді, қапы қалып,
Неше рет жаңылып, неше жаздым.
Қабағымды бір зіл бар көтертпейтін,
Көлеңкелеп мінездің кесек кейпін.
Еркімді алар күтемін бір құдірет
Бұғалық сап, бұлқынтпай жетектейтін.
Сол керемет, сеземін, жақын жүрсің,
Байқа деме, естігем, ақыл — құрсын!
Жарқ еткенде нұр сәуле бойды тіліп,
Ұрса-ұрсын, найзағай, ақынды ұрсын!
Жүрек кетсе сол нұрмен арайланып,
Бақыт қонар, тап-таза, сарай жарық!
Жан да рахат сезінсе сол ғажаптан,
Жан-жағыңа сонан соң тарайды анық!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қанағат

  • 0
  • 0

Ай, пенделер, пенделер-ай, пенделер —
Қашан рух, қашан құлқың жөнделер?
Байқайсың ба, аз ғұмырды қысқарта
Айың-күнің шыр айналар, дөңгелер.

Толық

Әйел заты

  • 0
  • 0

Ұрпақ үшін отқа түскен еркімен,
Талай тентек тоқтатылды көркімен.
Он жетіде жесір қалып жар сүймей
Бар әлемді таң қалдырды сертімен.

Толық

Ешкім естімеген аңыз

  • 0
  • 0

Жараттыңыз жерді, көкті,
Адамзатты асыл текті.
Ұшатын құс, жүгірген аң,
Он сегіз мың ғалам — көпті.

Толық

Қарап көріңіз