Өлең, жыр, ақындар

Жұлдыз жауын

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 373
Жұлдыз жауып жатыр екен көлге бір,
Мажыра шақ, жайбарақат көлде өмір.
Аспан жерге қонақ бола келгендей,
Тылсым түнде — сәнді бояу, әнде нұр.
Жалғыз дыбыс, асыр салған ақ шабақ,
Қол кеткен бе бүгін бала бақша боп.
Жер мен Көктің ортақ сірә тойы бар,
Мына түнге осы теңеу шап-шақ-ақ!
Отырмақ ем, балық аулап, жайланып,
Есесіне елестеттім тойды анық.
Ақшабақтар шоршығанда аспанға,
Кетті бәрі жұлдыздарға айналып.

Астана. 3.06.2002.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Он сегіз жаста екенсің

  • 0
  • 0

Он сегіз жаста екенсің
Көзіме алғаш түскенде.
Бозбала азап тартар шақ
Бойжетіп қыздар піскенде.

Толық

Кешірмей бір қатені

  • 0
  • 0

Сен мендік бола алмадың,
Мен сендік бола алмадым.
Секілді көкте жұлдыз,
Жетпеген сол арманым.

Толық

Қайырым, пейіл тапшы боп

  • 0
  • 0

Туғанда басқа зобалаң,
Кешегі достар таптырмай –
Ойлаймын олар обалын,
Азамат атын жатты ұрлай.

Толық

Қарап көріңіз