Өлең, жыр, ақындар

Сезімдер

  • 04.06.2022
  • 0
  • 0
  • 430
Тасыған сүттің көбігі сынды игертпей,
Бас ала қашып, саусаққа сезім үлгертпей
Сабаға түспес, арыны күйші басылмас,
Кеудені жарып шығатын жойқын күй шертпей.
Ақиық ақын сермейді құлаш айға анық,
Жанады лаулап, қалмайды олар жай налып.
Ел мұңы дерт боп жүрекке енсе аянбас,
Тынады жарып, қалады сосын жайланып.
Әншіні кернер өзектен бір үн көтеріп,
Басылмас кеуде, сезімге кеткен еті өліп.
Аштырып аузын, қақтырып таңдай баршаға
Қалғанша борыш мойыннан түсіп, өтеліп.
Сезімін шашар ақкөңіл адам аңқылдай,
Еңбекқор пенде тоқтамас терге малшынбай.
Ғашықтық құшақ қарысып қала жаздамай,
Қанар ма мейір Әлемді, байтақ, тарсынбай.
Сезімін қанат етіп ап шырқар қырандар,
Ойлатпай қауіп тіктірер басты ұран бар.
Анандай жақын сезім бар біреу көзінде,
Сезімін зәр ғып шашады улы жыландар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Уайым ба?

  • 0
  • 0

Уайым ба тәйірі,
Қара бастың қайғысы
Бағым аз деп мұңаяр,
Қара басып қай кісі.

Толық

Мен ойлана бастадым

  • 0
  • 0

Алпыс деген ақыл ма?
Мен ойлана бастадым.
Сарапқа сап сананы,
Мен толғана бастадым.

Толық

Бір үй бар-ау

  • 0
  • 0

Терезеден телмірем отаныма —
Сар далама, адырлы, жоталыма.
Жүйткіп аққан пойыздың сыртылына
Дүрс-дүрс етіп жүрек үн қосады да.

Толық

Қарап көріңіз