Өлең, жыр, ақындар

Есіңде бар ма күңгірт түн

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 785
Есіңде бар ма күңгірт түн,
Қоштастық біздер кештетіп.
Атылды кенет бір мылтық,
Тұрғанда біздер ес кетіп.
Шалшықтар сонда өрттеніп,
Ұйыды тұман тау жақта.
Жаңғырық сонша дерттеніп,
Қаңғырып өлді аулақта.
Шаруа біткен бейуақта,
Есіме сені алам мен.
Мылтықтың үнін көл жақта,
Естігендей бір болам мен.
Жөңкіліп кенет толқындар,
Тасиды суы бұл көлдің.
Сағынған жүрек солқылдап,
Келеді сонда бірге өлгім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Санасыз тірлік құлы етіп

  • 0
  • 0

Санасыз тірлік құлы етіп,
Жаратқан болса тәңірім.
Қайдағы жоқты тілетіп,
Жүргізбес еді-ау әмірін,

Толық

Үміт

  • 0
  • 0

Гүл көмкерген жұмағыңның ермегі
Күміс көмей сандуғашым бар менің.
Бірақ оның сәби талға қонақтап,
Бір де күндіз сайрағанын көрмедім.

Толық

Кавказға

  • 0
  • 0

Кавказ! Бір ел қашықтағы!
Еркіндікке қоныс жер ең!
Бақытсыздық басып тағы
Шеңгел салды соғыс деген!..

Толық

Қарап көріңіз