Өлең, жыр, ақындар

Жыламашы, көз жасыңды тый, жаным

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 772
Жыламашы, көз жасыңды тый, жаным,
Қойшы соны, босқа өзіңді қинадың.
Илан, сені ол аймалады қалжыңдап,
Шын сүймеді, бекер күйіп сыйладың.
Өзіміздің Грузияда тау елі
Аз ба сұлу жас жігіттер дәмелі?
Оттай жанған көздерін айт, көздерін,
Желпілдеген мұрттары да әдемі.
Сонау қиыр шет өлкеден, жат елден
Біздің жаққа тағдыр айдап әкелген.
Не күн көрмек, қайда бармақ сені ертіп?
Іздейтіні қан майдан мен атақ-шен.
Баурап сені ол алтынға да бөледі,
Мен өмірлік жарың болам деп еді.
Аймалады-ау аяулы бір жаныңдай,
Бірақ сені жылады екен демеді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түс

  • 0
  • 0

Жатырмын Дағыстанның аңғарында,
Кеудемде шықпаған сол жан барында.
Езеді қорғасын ой, жаным жара,
Амалым әлі менің дағдаруда.

Толық

Ән

  • 0
  • 0

Сабағын жапырақ сабалар
Дауыл алдында:
Сорлы жүрек өрекпір
Сорға батарда.

Толық

...ға

  • 0
  • 0

Көркіңмен көзім тартып арбамашы!
Жанымның күші қайтып, жалыны өшкен.
Дариға! Басқа қыздың көз қарасы
Қанша жыл қарайлатып, тандырды естен!

Толық

Қарап көріңіз