Өлең, жыр, ақындар

Түс

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 581
Жатырмын Дағыстанның аңғарында,
Кеудемде шықпаған сол жан барында.
Езеді қорғасын ой, жаным жара,
Амалым әлі менің дағдаруда.
Жатырмын жапа-жалғыз құмға батып,
Қоршайды айнала тау мұңға батып.
Күн оның күйдіреді қасқа басын,
Өртенем, түстер көріп мұнда жатып.
Түсіме кірді сонда туған жерім,
Дуылдап талай сауық құрған жерім.
Отырды мен туралы әңгімелеп,
Келіншек, қыз-қырқынды думанды елім.
Бірақ сол көңілді топ арасында,
Отырды қалың ойда дара тұлға.
Кім білсін, қандай өзен ағып жатты,
Елестің сеңгір-сеңгір арасында.
Ол-дағы Дағыстанды көрген болар
Өлікті жатқан таныс көмген болар.
Дақ салып жазылмастай жүрегіне,
Сумаңдап суық қанжар төнген болар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

10 шілде (1830)

  • 0
  • 0

Ер жүректер, бостандық деп жар салып
жорықтарға аттандыңдар тағы да.
Елге атылған оқты батыл қарсы алып,
боздақ ұлдар бөгіп жатты қанына.

Толық

Кавказдағы таң

  • 0
  • 0

Сыз берді таң - ну орманды бөктерде
Есіледі түнгі тұман көк перде;
Тау етегі мүлгіп үнсіз бусайды;
Су сылдырап, жылқы үйірі жусайды.

Толық

Еврей сазы

  • 0
  • 0

Көргем кейде түнде жұлдыз жарқырап,
Шағылғанын суы мөлдір шығанға.
Дір-дір етіп, күміс толқын шашырап,
Жалт береді сол жұлдыздан қиянға.

Толық

Қарап көріңіз