Өлең, жыр, ақындар

Еврей сазы

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 446
(Байроннан)

Жаралы жаным менің. Тез, тез, әнші
Арфаны мынау алтын қолыңа алшы
Жорғалап жөнелгенде саусақтарың
Пейіштің ыңыранып күйі ояншы.
Біржола үміт, арман қалмаса өліп,
Кеудемде бір оянсын тебіреніп,
Суалған көздерімде бір тамшы жас
Бар болса, балқиыншы соны төгіп.
Мейлі әнің болсын тағы тағдырымдай,
Маған жат шаттық үні, о, құрбым-ай,
Келеді бір жылағым, абзал жыршым,
Тұрғанда көкірегім қарс айрылмай.
Сіңіріп көп қасірет жұтқан удай
Булыққан жан сарайым бір ашылмай
Соқты енді қатал сағат толды кеудем –
Ажалдың уға толы шарасындай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бас қосудың зәуімен бір

  • 0
  • 0

Бас қосудың зәуімен бір,
Уанышы болды қысқа.
Қош дерге әрең келді ғой тіл,
Амал бар ма аттанбасқа.

Толық

Ертеңім бұлдыр көлеңке

  • 0
  • 0

Ертеңім бұлдыр көлеңке,
Өткенім түгел - мұң-зарым.
Өмірге келіп неге ерте,
Немесе кештеу тумадым,

Толық

Менің демоным

  • 0
  • 0

Жауыздық қана тілейді,
Жайлайды түнек аспанды,
Тілейді кілең дүлейді,
Ну жылап, дария тасқанды.

Толық

Қарап көріңіз