Өлең, жыр, ақындар

Кеудемді кернеп арманым

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 1815
Кеудемді кернеп арманым,
Қиялым -құрыш қорғаным,
Дем басып,
Қырда отырмын
Жүгірген жолдар жан - жағым.
Айналып ұшқан тырналар,
Ынтығып туған жеріне.
Қиқуға басып толғанар
Айнымай тартқан тегіне.
Тоғысқан тағдыр торабы,
Белгілі қайда барады.
Түйсіктің,
Таудай талабы
Тайғақтап,
Жолын табады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаза берсең, басында естелік көп

  • 0
  • 0

Жаза берсең, басында естелік көп,
Ойлайсың кей біреуін тістеніп тек.
Жадыңда жаңғырады өткен жылдар
Жаңалықтың анасы - ескілік деп!

Толық

Көктем - құстар ұясы

  • 0
  • 0

Зулап күндер, өтті айларым, жыл белең,
Естелік боп жолдан - қалды өлең.
Ақын Тәңір елшісі- депайтады,
Жүрек отым, жүрген жолдар

Толық

Тұрмыс құрсаң

  • 0
  • 0

Тұрмыс құрсаң,
Көшесің түрлі бейнет,
Жүрмей тұрсаң,
Өшесің күлдей күйреп.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер