Өлең, жыр, ақындар

Тілек

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 478
Шіркін дүние-ай, кұс емеспін неге мен,
Жаңа ғана ұшып өткен төбеден?
Неге ғана самғамаймын аспанда,
Азаттықты аңсап кілең жас жанға?
Күнбатысқа, күнбатысқа кетер ем,
Атамекен көгалына жетер ем,
Қонар едім көк жұпар тау басына,
Бабаларым бейітінің қасына.
Қабырғада - қаһарманын жоқтасып,
Сауыт-семсер тұрған шығар тот басып,
Үстерінен қалқып ұшып өтер ем,
Қанатыммен шаңын сүртіп кетер ем.
Арфа шегін шерткенімде бір-бірлеп,
Шотландия күмбездері күмбірлеп,
Өзі тыңдап, өзі ғана оянып,
Бір күңгірлеп, кетер еді-ау жоғалып.
Құр тілек қой, бос арман ғой қаңғырған,
Опа қайда озбыр мына тағдырдан.
Туған жермен арамызда аһ ұрып,
Теңіз жатыр толқындарын сапырып.
Батырлардың соңғы ұрпағы омалып,
Жат өлкенің жатыр қарын оранып.
Тудым мұнда, онда барып өлер ем...
Шіркін дүние-ай! Құс емеспін неге мен?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Райхан гүлдей балбұл жанған

  • 0
  • 0

Райхан гүлдей балбұл жанған,
Сәуледей әсем таңертеңгі;
Суретіңдей Рафаэль салған,
Үнсіз үні сыр шертеді.

Толық

Су(шкова)ға

  • 0
  • 0

Жүрсем де бірге сезбедім,
Жаныңның отын, тілегін.
Қадалса дағы көздерің,
Толқыған емес жүрегім.

Толық

Ләззатты сәт

  • 0
  • 0

Қалғаныңды оңаша
Қалды деме ел сезіп.
Жас сұлуым, балаша
Жақындай бер қол созып.

Толық

Қарап көріңіз