Өлең, жыр, ақындар

Көрші

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 502
Соңғы шапақ көкте семіп барады,
Іңір түсіп, жұлдыздан нұр тарады;
Байғұс көршім неғып жатыр үйінде? –
Білейін деп жай-жағдайын бүгін де,
Сығаласам бақшадағы талдардан
Сығырайып бөлмесінде шам жанған;
Арман да жоқ, сайран да жоқ ол үшін,
Жан-тәніммен жақсы көрем сол үшін.
Өткен-кеткен не демейді ол жайлы,
Айтпайтыны, тақпайтыны болмайды,
Жұртты қайтсін, көреді ол өз күнін
Біледі өзі шам жағатын мезгілін.
Көрсем болды шамның күнде самалын,
Мен де жайлап тереземе барамын,
Сонда мені тылсым шабыт тербейді,
Көкірегімді дауыл ұйтқып кернейді.
Ол сорлы да сезетіндей сырымды,
Бастан кешкен бүгінгі мен бұрынғы;
Бір қайғыдан бірге жүдеп солғасын,
Көрем оны көптен таныс жолдасым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

...ға

  • 0
  • 0

Тағдырдан ғой, сенен емес, білемін,
Кеткенің менен тез айнып.
Ұрғашының берді ол саған жүрегін,
Болсақ да сұлу ғажайып.

Толық

Биялай

  • 0
  • 0

Төрелер тобы жабыла
Көрініс күтті, үн тынды
Дәл ортада, тағында,
Маңызсып король отырды.

Толық

...ға

  • 0
  • 0

Ғайыптан тағдыр кез қылды,
Жұбымыз содан жазылмай
Жарасып кеттік; бұл күнді
Деп тілеп мәңгі созылғай!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар