Өлең, жыр, ақындар

Андрей Шеньеден

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 386
Мен майданда мерт болармын мәңгілік,
Иә болмаса ел кезермін қаңғырып.
Мүмкін тіпті сұм өсектен түңіліп,
Жұрт алдында жаудан тауым жығылып,
Ар-намыстан арылмайтын дерт қонып,
Әдейі өзім жанып кетсем өрт болып;
Тақпа кінә жаны күйген балаға,
Жалынамын — жазба мені табаға.
Көп қинадым, жыла мейлің, бишара,
Құдай сүйер қылығым жоқ, не шара.
Өр дұшпанды өшіктірген өзіммін,
Алсын кегін, бірақ шыны сөзімнің:
Жауыз емен, солай болды тағдырым,
Шындық үшін қидым елге барлығын;
Жады қауым алып әбден еркімді,
Діңкем құрып, бұза алмадым сертімді.
Жасадым мен жұртқа көбін залалдың,
Бірақ, жаным, сен дегенде адалмын.
От ішінде жүрсем де ылғи мен жүдеп,
Сені ғана сүйдім ғой тек елжіреп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сыңғырлаған ерке үніңді

  • 0
  • 0

Сыңғырлаған ерке үніңді
Естісем бір болғаны,
Тыпыршиды бұл жүрегім
Сорлы құстай тордағы.

Толық

Түс

  • 0
  • 0

Жатырмын Дағыстанның аңғарында,
Кеудемде шықпаған сол жан барында.
Езеді қорғасын ой, жаным жара,
Амалым әлі менің дағдаруда.

Толық

...ға

  • 0
  • 0

Имеймін бас, болмаймын қор,
Назың тәрік, күдеріңді үз:
Үстемдіктен тым дәмең зор,
Қалды көңлім біз бөтенбіз.

Толық

Қарап көріңіз