Өлең, жыр, ақындар

Farewell

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 470
(Байронист)

Кешір! жұртқа бақ тіледім,
Жетсе оным көк түбіне,
Саған деген ақ тілегім
Көктен де асып кетті міне!
Керегі не босқа сарнап,
Көз жасы да қан аралас
Ақтық рет қоштасарда
Аһ ұрғандай бола алмас.
Ауызда ләм, көзде ылғал жоқ,
Құпия ойдан тылсым кеуде.
У жайылар, қоздырар дерт –
Лаж кәне күрсінбеуге!
Бақыт іздеп кемді күнде
Сандалармын әлі сан сақ.
Кешір! Кешір! - енді білдім –
Болып шықты бәрі жаңсақ!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзіме

  • 0
  • 0

Сүймеген болып от қызды,
Қасарып қанша күн өтті;
Өлшемек болдым шексізді,
Тежемек болдым жүректі.

Толық

Жолығыс

  • 0
  • 0

Жынысты таудың сыртында
Қызарып барып күн батты.
Жарқырап ағып, сылқылдап
Қайнаған бұлақ тіл қатты.

Толық

...ға

  • 0
  • 0

"Хат жазуға батылдандым, кеше гөр,
Қолда - қалам, қарсы алдымда - қабірім.
О тарапта не бар екен? - десе егер –
Бәрі қапас, бәрі тылсым, бәрі құм.

Толық

Қарап көріңіз