Өлең, жыр, ақындар

Баллада

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 436
Теңіздің жағасында ару жүдеп
Еркелеп жігітіне айтты тілек.
"Теңіздің тереңінде алқам жатыр
Алып кел қайтсең-дағы соны, батыр.
Сүйгенің рас болса әкелесің".
Жігіт те жоғалтқандай ақыл-есін,
Басына шыға келді қаны қайнап
Ақылын кеткендей сол ару жайлап.
Толқынға кетті сүңгіп көбік шашқан
Жарды ұрды көп толқындар айқайласқан.
Ұрады қайта-қайта жағаны кеп,
Арудың жаны сүйген адамы жоқ,
О, бақыт! Ол жартасты құшақтады,
Қолда алқа. Түсі қатаң бұ шақтағы.
Өзі де бар-жоғынан түк ұқпады
Бұйра шаш жауып апты иықтарын.
"Айтшы, енді сүймеймін бе, сүйем бе екем
Сен айттың, дегемін жоқ суға кетем,
Теңіздің тереңіне кеттім қарғып
Алқаңды міне жаным, шықтым алып.
Үстінде маржан тастың жатыр екен
Міне алқаң, ала қойшы батыр-екем".
Деді де мұңды көзін жігіт тікті,
Сол жанға, жанып, талып неге ынтықты.
Қыз айтты: "О, сүйіктім, сүйсең мені,
Сен барып маржанды да әкел", — деді.
Өзіне сенбесе де қайран ұлан
Қорықпай өлім-өмір майданынан
Күмп берді суға тағы, маржан тас па,
Күте ме әлде оны тағдыр басқа.
Тереңнен ақ көбіктер шымырлайды,
Толқындар тығылысып, шуылдайды.
Тағы да ұрды толқын жағаны кеп —
Арудың жаны сүйген адамы жоқ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кавказдағы таң

  • 0
  • 0

Сыз берді таң - ну орманды бөктерде
Есіледі түнгі тұман көк перде;
Тау етегі мүлгіп үнсіз бусайды;
Су сылдырап, жылқы үйірі жусайды.

Толық

Үзінді

  • 0
  • 0

Кірпік ілмей өткіздім мен үш түнді,
дұға оқыдым хақ жолына тізерлеп
Аспан мен жер - храм, қорған — алтарім;
Қу сүйектер сол қорғанға көмілген

Толық

Бұлттар

  • 0
  • 0

Көгілдір бұлттар, көшпелі бұлттар жөңкілген;
Мен құсап сен де айрылып, байғұс, еркіңнен,
Теріскей жақтың қалдырып көкшіл даласын,
Моншақтай шұбап күнгейге тартып барасың.

Толық

Қарап көріңіз