Өлең, жыр, ақындар

Парасат орденін омырауыма таққанда ойыма оралған өлеңім

  • 15.04.2022
  • 0
  • 0
  • 483
Таулар бар көкке биік таласатын,
Шыңдар бар бір-біріне жарасатын,
Асылдай жердің жиып бар жиһазын,
Танытқан Елдің биік парасатын.
Адамның болар ме енді бағы мұндай,
Таулардың жаңғырыққан сағымындай,
Парасат бұл бір үлкен Поэзия,
Әдеби тек пен түрдің ағымындай!
Адамгершіл инаббатты түсі жылы,
Салиқалы білімпаз түсінігі,
Зерделі мағыналы парасат бұл,
Адамның қасиеті, кісілігі!
Болашақ ұрпағың мен жастар қамы,
Бұл да бір тек пен негіз басты арқауы.
Парасат танымың мен ой-толғағың,
Дерек пен дәйегіңнің дастарханы!
Енем деп поэзия ордасына,
Өлеңді тұлпар еттім жол басына,
Парасатқа лайық деп бір Ақынын,
Ризамын қолын қойған Елбасына!
Шыңдары шыңнан асып жарасатын,
Таусылмас бақыт екен санаса ақын,
Құтты болсын Тәуелсіз ұлы Еліміз,
Көрдім Бүгін ұлтымның парасатын!
Өзендер, дариялар таласа ақты,
Ағысы – ирімдермен жаңаша ақты,
Ұлы Елдің Тәуелсіздік баяны үшін,
Тілеймін баршаңызға Парасатты!

18 желтоқсан 2011 жыл.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Самал жел..

  • 0
  • 0

Жібек желім, өзің ашып ұйқы әнін,
Дәм келгендей таңдайыма құйқаның,
Жел – анамның алақанын жеткізіп,
Желпіп-желпіп маңдайымды сипадың.

Толық

Қосшы

  • 0
  • 0

Айта берме тосты да,
Сабыр етіп, дос шыда.
Нұра өзені жанында,
Жатырмыз біз Қосшыда.

Толық

Дүниені жалт қаратсам деп едім

  • 0
  • 0

Неткен жұмбақ шексіз аспан көк едің,
Ғалам деген қандай ғажап кең едің.
Жүрегімнен өлең сыйлап өмірге,
Дүниені жалт қаратсам деп едім.

Толық

Қарап көріңіз