Өлең, жыр, ақындар

Қосшы

  • 14.04.2022
  • 0
  • 0
  • 562
Айта берме тосты да,
Сабыр етіп, дос шыда.
Нұра өзені жанында,
Жатырмыз біз Қосшыда.
Болса дейтін берекем,
Батпағы мол жер екен.
Қосшы дейтін аулақта,
Елді мекен ел екен.
Жұлдызды аспан, түнің бал
Жүрегіме жылы үн бар,
Қосшы дейтін сол елде,
Маған ыстық бір үй бар.
Мағыналы мол үйде,
Сыр қазамын сол үйде,
Мәңгілікпен сырласып,
Жыр жазамын сол үйде.
Көкжал арман ұлиды
Жан-жүрегім жылиды,
Өлең үйі – осы үй деп,
Бағалаймын бұл үйді.
Қамшы арқамды осқандай
Жәрдем берер дос қандай,
Бәйгесіне өлеңнің,
Қосшы мені қосқандай!
Жүзіп терең бойлармын,
Мұхитында ойлардың.
Озып келсе Бәйге атым,
Қосшыда бір тойлармын!...

23 наурыз 2014 жыл
Алматы-Астана-Қосшы
Астана-Алматы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Есіме қапияда түсті ауылым

  • 0
  • 0

Есіме қапияда түсті ауылым,
Қиялдың қанатында ұшты-ау, күнім!
Кеудемді билеп алды бір сағыныш,
Елжіреп ойда-жоқта іш-бауырым.

Толық

Аралым да шөлдейді...

  • 0
  • 0

Арал деген шөл даланың ұлымын,
Сол даланың еркесінің бірімін,
Теңізімнің бірі жартас, бірі құм,
Аунап өскен ақшағыл құм тұнығын.

Толық

Өмір

  • 0
  • 0

Адамды өмір шыңдайды
Тіршілік ағыс тынбайды,
Өмір кейде қуаныш,
Өмір кейде мұң-қайғы.

Толық

Қарап көріңіз