Өлең, жыр, ақындар

Жолдар, жолдар...

  • 14.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1318
Жолдар, жолдар шақырады алысқа,
Жолдар, жолдар шақырады ғарышқа.
Сапарласың жолмен түсіп жарысқа,
Жолдан озбай, жолдан кейін қалыспа.
О, жолаушым!
Сен келесің жолменен
Сапарласың мен келемін жолменен,
Сені көріп, о, жолаушым, аялдап,
Ұлы жолда амандасып қол берем!
Жолдар, жолдар тоғыстырған талайды,
Күн батады, таң атады арайлы.
Бұл өмірдің қонағы деп санайды,
Күн мен Айым жолаушыға қарайды.
Табиғаттың маусымдары алмассын,
Жолдар, жолдар! Жолдан мәңгі талмассың.
Тоқтамасын Адамзаттық жолдары,
Жолдар-жолдар ұрпағыммен жалғассын!
Жолдар, жолдар!

27 қаңтар 2011 жыл
Алматы – Астана сапары.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бәрінен де не қымбат?

  • 0
  • 0

Жүрек қымбат, жүрекке жаның қымбат,
Пәк жаныңа ожданың, арың қымбат.
Махаббаты айнымас жарың қымбат,
Адамға туып, өскен ауыл қымбат,

Толық

Қандай-қандай күн боларын кім білсін

  • 0
  • 0

Қандай-қандай күн боларын кім білсін,
Бұл адамның басында,
Қандай-қандай күн боларын кім білсін,
Бір Құдайдан басқа білмес расында.

Толық

Лермонтов жүрген жерлермен

  • 0
  • 0

Айнала желі ұйытқып,
Шаншыла көкке тиіп тік.
Толғанға қарап тұр Машук —
Лермонтов шыққан биіктік.

Толық

Қарап көріңіз